KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

ШҚО: Үш ер адамды іздеу сәтті аяқталды

20.04.2025, 09:30 347 Ержан Әбіш

 

Кеше Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Марқакөл ауданының Шанағаты ауылы маңындағы орманға атпен шығып, қайтып оралмаған үш ер адамды іздестіру жұмыстарын бастаған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іздеу жұмыстары нәтижесінде ер адамдар орманнан дін аман табылды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес олар байланыс құралдарынсыз және қажетті жабдықтарсыз жолға шыққан.

Іздеу-құтқару операциясына ТЖМ қызметкерлерімен қатар жедел құтқару жасағының кинологиялық тобы, полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Қазір олардың бұл әрекетіне қатысты толық ақпарат анықталуда. Мамандар төтенше жағдайлардың алдын алу үшін табиғат аясына шықпас бұрын қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу