«Қарызсыз қоғам»: Қаржылық тығырықтан шығудың жолы бар
Бүгінгі таңда несие жүктемесі мен борыш мәселесі көптеген отбасылар үшін ауыр салмаққа айналды. Төлем мерзімі өткен несиелер, банктер мен коллекторлардың күнделікті қоңыраулары, арестке алынған шоттар мен мүліктер – мұның бәрі азаматтардың психологиялық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы мәселені шешу үшін елімізде «Қарызсыз қоғам» атты әлеуметтік маңызы зор жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қиын жағдайға тап болған азаматтарға заң аясында көмектесу, қаржылық ауыртпалықты жеңілдету және азаматтардың жаңа өмір бастауына мүмкіндік беру.
Жоба аясында келесідей тегін заңгерлік көмектер көрсетіледі:
Банктер мен мемлекеттік органдар тарапынан салынған шоттар мен мүлікке қойылған аресттерді шешу;
Қарызды қайта құрылымдау арқылы төлем кестесін жеңілдету;
Соттан тыс банкроттық рәсімі – жеке тұлғалар үшін борышты заң жүзінде жабуға мүмкіндік;
Сот арқылы банкроттық – ауыр қаржылық дағдарыстағы азаматтар үшін нақты құқықтық шешім;
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру – табысы тұрақты, бірақ төлем қабілетін уақытша жоғалтқан азаматтарға арналған мүмкіндік;
Сонымен қатар, алаяқтықтың құрбаны болған азаматтарға да көмек көрсетіледі.
Егер сіз де несие мәселесімен бетпе-бет келіп, тығырықтан шығудың заңды әрі сенімді жолын іздесеңіз, «Қарызсыз қоғам» жобасына қосылыңыз!
Өтінім беру өте оңай. Qogamfin.kz сайтына кіріп, жеке деректеріңізді енгізіп, онлайн өтінім қалдырыңыз немесе Қоңыраулар орталығына хабарласыңыз: 8-700-855-85-85. Сондай-ақ WhatsApp арқылы кеңес алып, өтінім жолдауға болады: 8-747-832-70-41. Тұрғылықты жеріңіздегі «Amanat» партиясының филиалына барып, көмек сұрауыңызға болады.
Жобаның тағы бір маңызды артықшылығы – барлық қызметтер тегін және қолжетімді, азаматтардың жеке құпиялылығы толық сақталады. Көп жағдайда азаматтар өз мәселесін жалғыз шешуге тырысады, бірақ «Қарызсыз қоғам» жобасы өз өмірін жаңа парақтан бастауға жол ашады.