KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қаржылық және заңгерлік кеңес тегін беріледі - ШҚО

28.11.2023, 16:04 193

«Amanat» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанында «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңсесі жұмыс істейді.

 

Келер жылы облыстың барлық қалалары мен аудандарында осындай жобалық кеңселер ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

 

Жобалық кеңсе аясында өңір тұрғындарына қаржылық және заңгерлік кеңестер тегін беріледі. Сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша курстан өтуге болады.

 

- Жобаның негізгі мақсаты – азаматтарды қаржыны тиімді басқару және шығындарды оңтайландыру әдістерін оқыту арқылы халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру. Жоба арқылы өзінің қаржылық сауаттылығын көтергісі келетін адамдар қысқа мерзімді оқудан өтеді. Жобаға қатысушылардың арасында несиелік қарызы бар немесе банкроттыққа ұшыраған жеке тұлғалар, көпбалалы аналар, жұмыссыздар, кәсіпкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және бала күтіміне байланысты демалыста отырған аналар да бар. Қаржыгер мамандар оларға отбасылық бюджетті қалай қалыптастыру қажет, қаржы мәселесінің пайда болу себептері мен салдары, заңды құқықтары жайлы түсіндіреді, - деді облыстық партия филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.


 

Жаңа жылдан бастап облыстың барлық қалалары мен аудандарында осындай жобалық кеңселер ашу жоспарланып отыр. Бұл жұмысқа мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, Мемлекеттік кірістер департаменті, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының білікті мамандары да тартылмақ. 

 

Курсқа жазылу үшін 8-777-271-13-90 байланыс телефонына хабарласуыңызға болады. Мекенжайы: Қасым Қайсенов көшесі, 121.

 

                                                                  

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу