KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Несиесін төлей алмай жүрген азаматтарға кеңес беретін кеңсе ашылады

Фото: egemen.kz

31.10.2023, 14:25 210

Елде несиесін төлей алмай жүрген азаматтарға кеңес беретін кеңсе ашылуы мүмкін.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осындай мәлімдеме айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

— «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілді. Ол 6 негізгі бағыт бойынша 25 іс-шараны қамтиды. Жол картасының әрбір бағыты бойынша жұмысты үйлестіру үшін әкімдіктерде жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді. Республикалық маңызы бар 3 қалада және еліміздің 17 өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр, - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде халықтың шамадан тыс кредит алу проблемасы өзекті болып отыр.

— Жобалық офистердің негізгі міндеті мерзімі өткен кредиттерді реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ, азаматтардың банкроттық мәселелерін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру. Әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөледі. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасатын болады. Жобаның тағы бір маңызды бағыты – азаматтардың, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, - дейді ол.


                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу