Глубокое кентінде патриоттық әндер шырқалды
Глубокое кентінің орталық стадионында патриоттық әндер шырқалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Глубокое кентінде Ұлы Жеңіс күні Жеңіс обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Іс-шараның жалғасы кенттің орталық стадионында өтті. Мұнда патриоттық әндер шырқалып, спорттық жарыстар, көрме және сауда-саттық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ауылдық округтердің өнерпаздары соғыс жылдары сарбаздарға рух берген «Кестелі орамал», «Смуглянка», «Қаһарман Мәншүк», «Катюша», «Жойылсын соғыс» сынды әндерді орындады.
Мерекелік кеш "Шырақ жағу" рәсімімен аяқталады.
Оқи отырыңыз
Өскеменде Жеңіс күніне арналған патриоттық әндер шырқалды (видео)Алтай ауданында да патриоттық акция ұйымдастырылдыТЖД құтқарушылары домбырамен соғыс жылдарындағы әндерді орындады«Соғыс жылдарындағы әндер» – Жеңіс рухын ұлықтаған әсерлі музыкалық кешӨскеменде Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара өтеді