Жол мен жанармай: Тарбағатайда инфрақұрылым қалай жаңармақ?
Аудан ішінде автожолдар жөнделіп, жол бойындағы қызмет сапасы артып келеді. Бірақ жанармай бағасының айырмашылығы назарға алынып отыр. Өзге аудандарға қарағанда оның құны қымбатырақ екені ШҚО әкімінің тарбағатайлықтармен кездесуі барысында қозғалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылы Тарбағатай ауданында 132 шақырымнан астам жол жөнделді. Биыл тағы 65 шақырымнан аса жолға орташа жөндеу жүргізілуде. Облыстық маңызы бар бағыттар мен ауыл ішіндегі көшелер кезең-кезеңімен қалыпқа келтірілуде.
«Жол сапасы – халықтың өмір сапасының бір бөлігі. Бұған қоса, аудан тұрғындары жанармай бағасының көршілес аудандармен салыстырғанда қымбат екеніне шағымданды. Бұл мәселені шешу үшін нақты ұсыныстар дайындауды тапсырдым», – деді әкім.
Инфрақұрылымды дамыту әрі бағаны тұрақтандыру – әкімдіктің тұрақты бақылауында.
Фото: Махаббат Ахметжанова
Оқи отырыңыз








