Тарбағатайда 60 шақырымға жуық жол жаңартылды
Фото: depositphotos.com
Тарбағатай ауданында соңғы жылдары жол жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Аудан әкімінің орынбасары Марат Қызовтың айтуынша, 2023 жылы округ орталықтарына апаратын жолдар толықтай асфальтпен қамтылған. Енді спутниктік ауылдарға баратын жолдар мен ауыл ішіндегі көшелерге кезек келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2024 жылы облыстық маңызы бар үш жол учаскесі – Маңырақ–Бозша, Қарасу–Ақмектеп және Ақжар–29 бағыттарындағы 45 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар былтыр Ақжар ауылындағы 4 көшеге 2,5 км асфальт төселсе, биыл Ақжар, Тұғыл, Маңырақ, Жетіарал ауылдарындағы 11 көшеге 9,1 км жол жаңартылған.