Ауыл шаруашылығы – аудан тірегі: Тарбағатайда су тапшылығы мәселесі шешілмек
Тарбағатай ауданында агроөнеркәсіп кешені облыс экономикасының 6 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Алайда өңір су тапшылығын да сезініп отыр. Бұл туралы бүгін аудан халқымен өңір басшысының кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауданда мал шаруашылығы негізгі бағыт саналады – 92 мыңнан астам ірі қара, 162 мыңнан астам қой мен ешкі, 33 мың жылқы бар. Биылғы бес айда 2,6 мың тонна сиыр еті өндіріліп, облыс көрсеткішінің 5 пайызы қамтамасыз етілген.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шаруаларға арзан кредит беріліп, туризмді дамыту, техника алу, өнімді қайта өңдеу қарқынды іске асырылып жатыр. Дегенмен шалғайдағы суармалы учаскелер судың жетіспеуінен толық пайдаланылмай отыр.
Фото: Махаббат Ахметжанова






