Бүгін ШҚО-да жел күшейеді
depositphotos.com
"Қазгидромет" деректері бойынша 7 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында күн райы құбылмалы болады. Өскеменде жауын-шашын күтіледі, аспан бұлтты, деп хабарлайды Altainews.kz.
Ауа температурасы облыс бойынша +25…+30°C аралығында, ал Өскемен қаласында күндіз +27…+29°C шамасында жылы болады. Таңертең ауа +16…+18°C болып, кешке қарай аздап салқындайды.
Жел батыс бағыттан соғып, жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Кей жерлерде екпіні 15 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Мамандар тұрғындарға жауын-шашыннан қорғану шараларын қабылдауға, қолшатыр алып жүруге кеңес береді.
Оқи отырыңыз