KZ
Өскемен
-35°
туман жел 1 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Өскемен тұрғындары есептегіш құралдардың көрсеткіштерін қалай бере алады?

depositphotos.com

12.07.2025, 14:00 202 Ержан Әбіш

2024 жылы «Өскемен жылу желілері» АҚ ребрендинг жасап, атауын «Шығыс Жылу» деп өзгерткен болатын. Дегенмен қазір кейбір тұтынушылар есептегіш құралдарының көрсеткіштерін қайда және қалай дұрыс жолдау керектігін нақты білмей, шатасып жатады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы бірнеше жылда мекеме тұрғындарға қызмет көрсетуді цифрлық форматқа көшірді. Қазір «Шығыс Жылу» АҚ-на ыстық су мен жылу энергиясы есептегіштерінің көрсеткіштерін келесі тәсілдермен жолдауға болады:

Тәулік бойы жұмыс істейтін автоқоңырау жүйесі арқылы: 560-900

SMS арқылы: 8 (702) 224-24-80 нөміріне

Электронды пошта арқылы: ukts.sms@mail.ru

«Шығыс Жылу» мобильді қосымшасы арқылы

ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы

WhatsApp чат-боты арқылы: 8 (747) 942-35-56

Telegram чат-боты арқылы: @UKTSbot

Сонымен қатар банк бөлімшелерінде немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төлем жүргізу кезінде де көрсеткіштерді енгізуге болады.

Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін көрсеткіштерді тапсырудың барлық нұсқалары цифрлық әрі қолжетімді форматта ұсынылған.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу