KZ
Өскемен
-25°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
517.66 606.49 6.44

ШҚО-ның бес оқушысы Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық форумда жүр

13.07.2025, 10:00 989 Ержан Әбіш

7-16 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск облысындағы «Зубренок» ұлттық балалар білім беру-сауықтыру орталығында «Достастық балалары» атты Х халықаралық мәдени-танымдық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Форумға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен келген оқушылар қатысуда.

Шығыс Қазақстан облысынан форумға бес оқушы – республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аттанды. Олардың қатарында Зайсан ауданының “Кеңсай орта мектебі” КММ 9-сынып оқушысы Жүнісбекова Перизат та бар.

Дарынды оқушы Перизат – Зайсан ауданының намысын қорғап, елімізді халықаралық деңгейде танытып отыр.

Форум достастық елдері жастары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң саналады. Оқушылар күн сайын қатысушы елдердің тарихы, мәдениеті, дәстүрімен танысып, өзара тәжірибе алмасуда.

Кеше Қазақстан Республикасының күні аталып өтті. Қазақстандық делегация ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді таныстырып, өнерлерін ортаға салды.

Жайна Сыранова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу