KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

ШҚО полицейлері каникулдағы балаларға арналған қауіпсіздік ережелерін әзірледі

depositphotos.com

14.07.2025, 13:30 217 Ержан Әбіш

 

Балалар – ең осал топ. Олар түрлі қауіп пен төтенше жағдайларға жиі ұшырайды. Бұл әсіресе жаз мезгілінде, демалыс кезінде өзекті бола түседі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Балалардың қауіпсіздігі – біз, ересектер үшін, ең басты міндет. Сондықтан негізгі ережелерді бір жерге жинақтап, балаларға үйретуді маңызды санаймыз , – деді ШҚО Полиция департаменті.

Жолда абай бол!
– Жол қозғалысы ережелерін сақта.
– Жолдан тек жаяу жүргінші өткелімен өт.
– Жүгірме, құлаққап киме, жан-жағыңа қара.

Бейтаныс адамдардан сақтан!
– Бейтаныс адамдармен сөйлеспе.
– Бөгде адамның көлігіне отырма.
– Тәтті немесе сыйлыққа алданба.

Судағы қауіпсіздік – аса маңызды
– Тек рұқсат етілген орындарда шомыл.
– Тереңге жүзбе, суда ойнама.
– Ересектерсіз суға түспе.
– Қауіп төнсе – дереу көмек шақыр!

Түнде серуендеуге болмайды
18 жасқа толмаған балалар сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз қоғамдық орындарда жүре алмайды. Бұл – сенің қауіпсіздігің үшін қабылданған ереже.

Қауіп төнген жағдайда – 102 нөмірін есіңде сақта!
Сенің қауіпсіздігің – өз қолыңда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу