Қазақстанда қанша маскүнем мен нашақор бар екені анықталды
Қазақстанда есірткі мен ішімдікке тәуелді адамдар туралы статистикалық мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстанда соңғы 10 жылда наркологиялық тіркеуде тұрған адамдар саны азайған. Мамандар сөзіне сенсек, елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге және 100 мыңға жуық адам ішімдікке тәуелді.
Сондай-ақ статистикалық мәліметтерге сүйенсек, есірткіге тәуелділердің арасында синтетикалық препараттарды қолданатын адамдар саны өсіп келеді. Ең өкініштісі жасөспірімдердің арасында синтетикалық есірткі қолдану бойынша үш жағдай анықталған екен.
Оқи отырыңыз