ШҚО-да көпкүндік веложарыс өтеді
Шығыс Қазақстанда 4-13 тамыз аралығында «Қазақстан оқушысы» атты 55-ші халықаралық көпкүндік веложарыс өтеді. Ауқымды спорттық шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, жарысқа еліміздің түрлі қалалары мен өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасынан келген 80-ге жуық велоспортшы қатысады.
Өскемен қаласынан бастау алатын веложарыстың салтанатты ашылуы 4 тамыз күні сағат 17:30-да өтеді. Шара орны – Қ. Сәтпаев даңғылы, 82/8 мекенжайында орналасқан ШҚО балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резервтің үстел теннисі бойынша мамандандырылған спорт мектебі.
Жарыс 8 кезеңнен тұрады. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 13 тамыз күні сағат 12:00-де сол алаңда өтпек.
Елизавета Седых
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі







