KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, СШ
505.53 593.44 6.34

Өскеменде көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында веложарыс өтеді

Фото: pexels.com

25.06.2025, 12:00 245 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысының орталығында көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында велоспорттан Қазақстан Республикасының VII спартакиадасы өтеді. Бұл жарыс Өскемен қаласында алғаш рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Спартакиада 26-30 маусым аралығында өтеді. Негізгі жарыстар 28-29 маусым күндері болады. Ал жабылу салтанаты 29 маусым күні сағат 10:00-де жоспарланған.

Жарыстар Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өтеді (мекенжайы: Сәтпаев даңғылы, 82/2). 28 маусым күні сағат 10:00-де веложарыстың ресми ашылуы болады.

Биылғы спартакиадаға алты облыстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан келген 33 спортшы қатысады. Бұл – ерекше қажеттілігі бар жандардың спорттағы әлеуетін арттыруға, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған маңызды спорттық шара.

Спартакиада аясындағы жарыстар спортшылар үшін тек бәсеке емес, сонымен қатар тәжірибе алмасып, өз мүмкіндіктерін таныту алаңы болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу