KZ
Өскемен
-20°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
514.74 599.36 6.71

Жапониядан келген делегация Шығыстағы шөппен емдеушілерімен кездесті

4.08.2025, 19:00 251 Жанаргүл Көкенайқызы

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында Өскеменге келген жапондық мамандар қазақстандық шөптерден эфир майларын алу мүмкіндіктерін зерттеп, шөптерден емдік дәрілер, косметика жасап жүрген өңір кәсіпкерлеріне шеберлік сабақтарын өткізіп кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сапар барысында Жапониядағы  Junko Yoshimizu - JICA косметикалық өнімдерінің  және Naoko Nakamura - JICA OVOP жаңа өнімдерді әзірлеу  сарапшысы жергілікті мамандарға шеберлік сабағын өткізді.

Жапониядан келген қонақтар өсімдіктерден эфир майлары мен эфир суларын алумен және оларды ароматерапияда, сабын және крем жасауда қолданумен айналысады.

Делегацияның келуіне орай біздің аймақта өсетін жаужапырақ (мелисса) және шайқурай (зверабой) шөптері арнайы дайындалып қойған. Шығыс Қазақстан дайындаушылары шетелдік мамандардың үйретуімен осы шөптерді қолдана отырып өңіріміздегі өсімдіктерді пайдаланудың тағы бір мүмкіндігін ашты.

 

– Жапониядан келген мамандарға білімдерімен бөліскені үшін алғыс айтамыз. Біз жинап, дайындайтын шөптерден өнімдердің жаңа желісін жасауға тырысамыз, – дейді 2023 жылғы «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпазы Ольга Бобрышева.

Облыс  кәсіпкерлері палатасының мамандары қонақтарды тек жергілікті шөптер ғана емес, сонымен қатар өңір шеберлерінің өз қолдарымен жасаған ерекше бұйымдары да қатты қызықтырғанын айтты.

Фото автордікі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу