KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, С
518.39 603.09 6.68

ШҚО-да онкологиялық көмек қолжетімділігі тақырыбында тікелей эфир өтеді

29.10.2024, 11:00 241 Төлеуғазы Жансая

29 қазанда, сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ресми инстаграм-аккаунтында @shko.densaulyk.official тікелей эфир өтеді. Іс-шара барысында ШҚО тұрғындарына онкологиялық көмек қолжетімділігі тақырыбы талқыланады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Эфирге Денсаулық сақтау басқармасының бас онкологы және Көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина қатысады. Ол ШҚО тұрғындарына көрсетілетін онкологиялық қызметтердің қолжетімділігі, жаңа емдеу әдістері, диагностикалық мүмкіндіктер мен аймақтағы онкологиялық көмек көрсетуді жақсарту бағытындағы жоспарлар туралы ақпарат береді.

Көпсалалы онкология және хирургия орталығының баспасөз қызметі эфир кезінде көрермендер өз сауалдарын қойып, толыққанды жауап ала алатынын хабарлады.

Тікелей эфир уақыты: 29 қазан, 17:00
Өтетін орын: Инстаграм аккаунты @shko.densaulyk.official

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу