KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Жапония Қазақстанға су тасқынымен күресуге көмектеспек

t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

18.05.2024, 23:00 204 Назерке Каримова

Қазақстан мен Жапония су тасқынымен тиімді күресу үшін гидротехникалық құрылыстарды нығайту бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Жұмыстар осы жылдың маусым айында басталуы мүмкін, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Қазіргі уақытта Жапония тарабы екі бағытта көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып отыр. Біріншісі - Жапонияның жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігімен бірлесіп жұмыс жасау. Екінші бағыт – жапондық  халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) өзара серіктестік орнату. Сонымен қатар, JICA осы жылдың маусым айында техникалық қолдау көрсетуге дайын.

- Біз жұмысты бастап кету үшін барлық қажетті деректерді беруге дайынбыз. Қазір біздің сарапшылар нысандарға бастапқы тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Заманауи жапондық технологиялар қажетті жұмыс көлемін дәл анықтауға мүмкіндік береді, - деді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.


Өз кезегінде Жапония тарабы қысқа мерзімде нығайтылуы тиіс маңызды құрылымдардың тізімін сұрады. Деректер JICA өкілдеріне беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу