KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

Жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары қиын жағдайларға қарамастан жалғасуда

Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі
5.08.2025, 10:00 248 Төлеуғазы Жансая

Қорғаныс министрлігінің тікұшағы жоғалып кеткеннен бері оны іздеу жұмыстары күні-түні тоқтаусыз жүріп жатыр. Құтқару жұмыстары күрделі гидрографиялық жағдайларда – көл түбінің терең болуы, су астындағы көріну нөлге тең, ауа райының тұрақсыздығы сияқты қиындықтарға қарамастан жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іздестіруге 330-дан астам адам, 59 техника, 23 қайық, 12 дрон, эхолоттар, георадарлар, тіпті итпен жұмыс істейтін арнайы топтар мен авиация да тартылған. Қорғаныс министрлігінен бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар жұмылдырылған.

Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында ұшу қауіпсіздігі саласындағы білікті мамандар бар. Бір бөлігі тікелей іздеумен айналысса, қалғаны тікұшақтың жоғалуына қатысты техникалық және құжаттық тергеулер жүргізіп жатыр.

– Өтуі қиын аудандарды әуеден шолу, жағалау мен су бетін сүзіп шығу – бәрі қамтылған. Ғылыми және техникалық ұйымдар да арнайы жабдықтарымен қосылып, көлдің астын тексеруге атсалысып жатыр. Сонымен қатар, тергеу тобы тікұшақтың ұшуға дайындығын, ауа райы мен құстардың ұшу жағдайларын, барлық құжаттарды мұқият зерттеп жатыр, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Асқар Ізбасов.

Жоғалған тікұшақтың экипажы табылып, болған жағдайдың себебі толық анықталғанға дейін іздеу жалғаса бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу