Күршімде туризмді дамытуға басымдық берілмек
Күршім ауданының географиялық жағдайы бұл өңірді туризм орталығына айналдыруға мүмкіндік береді. Туризм – экономиканы әртараптандырудың негізгі бағыты ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытып, тұрғындарды тұрақты әрі табысты жұмыспен қамтудың бір жолы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір ауданда туристерді қабылдайтын 4 нысан бар: Күршім ауылында 64 орындық үш қонақ үй және Сарыөлең ауылында 100 орындық балалар лагері. 2024 жылы туристер саны 35 пайызға өсіп, 2,7 мың адамға жеткен (2023 жылы – 2,0 мың адам).
Аймақ басшысы туризмнің дамуы тек демалыс орындарын ашумен шектелмейтінін де атап өтті.
Фото: Жібек Нұрахмет




