Дропперлік – ауыр қылмыс: ІІМ ескерту жасады
Фото: gov.kz
Ішкі істер министрлігі азаматтарды дропперлердің қатысуымен жасалатын есірткі қылмыстары туралы ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Министрліктің мәліметінше, соңғы уақытта кейбір азаматтар оңай пайда табу мақсатында заңсыз желілер арқылы есірткі айналымына тартылып жүр. Қылмыскерлер олардың банк карталары мен криптовалюта әмияндарын, сондай-ақ басқа да төлем құралдарын пайдаланады. Бұл әрекеттердің басты мақсаты – есірткі бизнесінің ізін жасыру.
Министрлік азаматтарды сақ болуға, алаяқтардың арбауына түспеуге және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырады. Сондай-ақ күдікті жағдайлар туралы бірден полицияға хабарлау қажеттігін еске салды.