KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Су ресурстары министрлігі құрылғаннан бері 1800-ден астам маман жұмыспен қамтылды

gov.kz

23.08.2025, 10:00 187 Ержан Әбіш

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы саласында 1 805 маман тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі аталмыш министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы бассейн инспекцияларының штаты 98-ден 281 адамға дейін ұлғайды. Сонымен қатар еліміздің 10 өңірінде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылып, бүгінгі таңда онда 1 197 маман еңбек етуде.

Осы жылдың басынан бері «Қазсушар» РМК-ның 425 маусымдық қызметкері тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұдан бөлек, әртүрлі өңірлерде гидротехникалық нысандарды қалпына келтіру және салу жобалары аясында 892 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында министрлік су саласына жаңа білікті кадрларды тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Сондай-ақ мамандардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары қолға алынып жатыр. Мәселен, су саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сонымен қатар олардың жалақысын энергетика саласындағы мамандар деңгейіне жеткізу мәселесі шешімін тапты, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу