KZ
Өскемен
-22°
туман жел 3 м/с, В
489.15 533.47 5.64

Су тасқынына дайындық: елімізде 74 гидротехникалық құрылыс жөнделді

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 15:00 61 Гульжан Мусина

Су ресурстары және ирригация министрлігі көктемгі су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық құрылысты жөндеп, елді мекендерді қорғау шараларын күшейтті. Сонымен қатар, өзен арналарының су өткізу қабілетін арттыру мақсатында 239 шақырым өзен арнасы тазартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, еліміздің 16 өңірінде ұзындығы 584 шақырымды құрайтын 384 бөгет жөнделіп, қайта тұрғызылды. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 6 облыста (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) 84 елді мекенде қорғаныс бөгеттерін, гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру бойынша 57 жоба жүзеге асырылуда. Бұл шаралар 359 мың адамды су тасқынынан қорғауға мүмкіндік береді.

2024 жылы Қазақстанның 14 облысында 84 су шаруашылығы нысаны көп факторлы зерттеуден өтті. Алдағы уақытта тағы 105 гидротехникалық құрылысқа осындай зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.

- Еліміздің барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп тұр. Су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіліп, тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған. Су тасқыны кезеңінде суды қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларынан су жіберу жұмыстары жалғасуда, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу