Катонқарағай ұлттық паркіне қалыңдығы 25 сантиметрге жететін қар түсті
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұсынған ақпаратқа сәйкес, кейбір аумақтарда қар қалыңдығы 20-25 сантиметрге жеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Парк қызметкерлері қарамағындағы аумақтарды тұрақты түрде тексеріп отырады. Сондықтан олар жабайы табиғаттан алшақ адамдарға таңғаларлық болып көрінетін құбылыстарды алғашқылардың бірі болып байқайды. Мәселен, қыркүйек айының басында жауған қар.
– Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізіледі. Инспекторлар аумаққа бақылауды күшейтті, – деп мәлімдеді ұлттық парк баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, Мәметек учаскесінде қар қалыңдығы 20-25 сантиметрді құрап отыр.
Елизавета Седых
Фото: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз

