KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Балалардың әл-ауқаты индексі: жасөспірімдердің 85%-ы өміріне қанағаттанады

Фото нейрожелімен жасалған

14.09.2025, 15:00 389 Төлеуғазы Жансая

Елімізде Балалардың әл-ауқаты индексі шеңберінде ауқымды әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Оған балалар, ата-аналар және педагогтер қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Нәтижелерге сәйкес, балалардың құқықтық қорғалуының орташа деңгейі 90,3% болды. Бұл олардың өз құқықтары туралы жақсы хабардар екенін және қажетті тетіктерді қолдана алатынын көрсетеді. Ең жоғары көрсеткіш Қостанай (94,5%), Маңғыстау (93,5%) және Қызылорда (93,1%) облыстарында тіркелді.

Жасөспірімдердің өз өміріне қанағаттану деңгейі орташа есеппен 85% құрады. Бұл тұрғыда Қостанай облысы (90,1%), Шымкент (88,7%) және Қызылорда облысы (88,5%) көш бастады.

Отбасы ішіндегі сенім көрсеткіші де жоғары болды: жасөспірімдердің 90,4% ата-анасымен еркін сөйлесіп, ой-пікірін бөлісе алатынын айтты. Алдыңғы қатарда Ұлытау облысы (97,5%), Астана қаласы (95,3%) және Қостанай облысы (94,7%).

«Балалар әл-ауқаты индексі – баланың денсаулығы, білімі, отбасы және әлеуметтік ортасын қамтитын маңызды көрсеткіш. Біздің мақсатымыз – балалардың өз үнін есту. Нәтижелер олардың өздерін қауіпсіз сезінетінін, ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста екенін және болашағына сеніммен қарайтынын көрсетті», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда Балалардың әл-ауқаты индексі тұрақты өсім көрсетіп, орташа республикалық көрсеткіш 58,6 балды құрады (өткен жылмен салыстырғанда +2,5 пункт).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу