KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

30.09.2025, 12:00 277 Ержан Әбіш

Алматыдағы Орталық стадионда қазақстандық «Қайрат» пен испандық «Реал Мадрид» арасындағы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі 2-тур матчы 30 қыркүйек күні өтеді. Кездесу сағат 21:45-те басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алғашқы турда алматылық клуб сырт алаңда Португалияның «Спортингінен» 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл жолы «Қайрат» әлемнің ең үздік клубтарының бірі саналатын мадридтік «Реалмен» күш сынасады.

Айта кетейік, топтық кезеңде «Қайрат» Италияның «Интері», Англияның «Арсеналы», Бельгияның «Брюггесі», Грекияның «Олимпиакосы», Кипрдің «Пафосы» және Данияның «Копенгагенімен» де ойнайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу