KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, СШ
505.53 593.44 6.34

1 қазан – Радио күні

stock-photo

1.10.2025, 14:00 168 Арайлым Орсаринова

1 қазан – қоғам өмірінде ерекше орын алатын кәсіби мереке – Радио күні. Бұл күн радио саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі ғана емес, сонымен қатар ақпарат пен мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған радионы құрметтеу күні. Заманауи технологиялардың дамуына қарамастан, радио өзінің тыңдарманымен тікелей байланыс орнатып, өзектілігі мен құндылығын жоғалтпай келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қазақстанда алғашқы радиохабар 1921 жылдың қазан айында эфирге шықты. Сол уақыттан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, радио өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілер қарқынды дамып жатқан заманда да радио – жедел әрі сенімді ақпарат көзі ретінде өз рөлін сақтап келеді.

Радио – тек жаңалық таратушы құрал ғана емес, ол – қоғамның мәдени, рухани және танымдық дамуына үлес қосатын маңызды медиа. Радио арқылы миллиондаған тыңдарман жаңалықтармен танысып, музыка тыңдап, пайдалы кеңестер алады. Көптеген адамдар үшін радио – күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Жолда, жұмыста, үйде — қай жерде болса да, радионы тыңдау әдетке айналған.

Эфирде үнемі тыңдарманмен байланыста болып, сапалы контент ұсыну – үлкен жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді. Осы орайда, радиода қызмет ететін журналистердің, жүргізушілердің, дыбыс режиссерлері мен техник мамандардың еңбегі орасан. Олардың өз ісіне деген адалдығы мен шығармашылығы эфирді жанды, мазмұнды әрі қызықты ете түседі.

1 қазан – Радио күнімен барлық радио саласы мамандарын құттықтай отырып, олардың еңбегіне алғыс білдіреміз. Эфирлеріңіз әрдайым тыңдарманға қуаныш пен пайдалы ақпарат сыйлай берсін!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу