ШҚО әкімі «Қайрат» пен «Реал» ойыны туралы: Мұндай деңгейдегі ойын ел танымалдығын да арттырады
Фото: FC Kairat Almaty
Чемпиондар лигасының кезекті турында алматылық «Қайрат» мадридтік «Реалға» қарсы алаңға шықты. Бұл кездесу ел футболы үшін тарихи сәттердің бірі болды. Өткен ойынға байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір қалдырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әкім алматылық клубтың өнерін жоғары бағалап, жастарға шабыт сыйлайтынын атап өтті. Оның айтуынша, «Қайраттың» халықаралық деңгейдегі кездесулері қазақ футболының беделін көтеріп, жас буынға жаңа серпін береді.
Облыс әкімі сондай-ақ, қазақ футболына, оның ішінде шығыстың «Алтай» клубына да жарқын жеңістер тілейтіндігін жеткізді.