KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 6 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Қайрат Чемпиондар лигасында ойнайды. Қарсыластары кім?

19.10.2019, 10:42 262

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы 2019/2020 жылғы маусымының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ақпаратына сүйенсек, алматылық «Қайрат» клубы С тобына түсті. Ойындар «Алматы Арена» кешенінде өтеді. 

С тобындағы командалардың толық тізімі: «Бенфика» (Португалия), «Эль-Посо» (Испания), «Песаро» (Италия) және «Қайрат» (Қазақстан).

Сондай-ақ, Рудный қаласының «Аят» клубы В тобында өнер көрсетеді. «Спортинг» (Португалия), «Тюменью» (Ресей) және «Ново Вриеме» (Хорватия) командалары «Аяттың» қарсыласы атанды.

Ойындар қарашаның 19-24 аралығында өтеді. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу