KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
507.05 594.82 6.51

ШҚО-ның онкология орталығы қарияларды сый-құрметке бөледі

1.10.2025, 18:15 179 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы онкология және хирургия орталығында халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мекеме басшылығы мен қызметкерлері еліміздің, оның ішінде облыстың медицина саласының дамуына үлес қосқан ардагерлерге, сонымен қатар стационарда ем қабылдап жатқан қарияларға ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Саналы ғұмырын адамдардың денсаулығын сақтауға арнаған, тіпті бүкіл еңбек жолын дәл осы жерде өткерген ардагер дәрігерлер мен қызметкерлерді құттықтап, олардың еселі еңбегі бүгінгі буынға өнеге екендігі ерекше атап өтілді. Көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина ардагерлердің кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесі, еңбекқорлығы мен әр жас маманға берген тәлімі жайлы жылы лебіздерін жеткізді.

– Ардагерлеріміз – біздің мақтанышымыз, ұстаздарымыз. Олардың еңбегі мен өмірлік жолы - біз үшін баға жетпес қазына. Біз осындай жандардың жолын жалғастырып, жас мамандарға өнеге көрсетіп, сабақтастықты жалғастыруымыз керек, – деп атап өтті.

Мереке күні орталықта ем алып жатқан қариялар да назардан тыс қалмады. Бас дәрігер мен медбикелер оларға ізгі тілектерін жеткізіп, мерекелік сый-сияпаттарын табыстады. 

Медициналық орталық ұжымы қарттарға құрмет көрсету жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан дәстүр екендігін жеткізді. Осы ардагер дәрігерлердің шәкірті болған мамандар қазіргі уақытта өздері жастарға тәлімгер. Жол көрсетіп, білімімен, тәжірибесімен бөлісуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу