KZ
Өскемен
-8°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Қазақстан мен Ресей арасындағы өткізу бекеттерін жаңғырту мерзімі өзгертілмек

8.10.2025, 10:00 171 Базарова Айгүл

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары келер жылдан басталуы ықтимал. Бұл туралы екі елдің көлік министрлігі өкілдернің қатысуымен өткен көшпелі кеңесте айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров пен Ресей Федерациясы Көлік министрінің бірінші орынбасары Валентин Ивановтың қатысуымен өткен жиында қос тарап автомобиль өткізу бекеттерін жаңғырту жөніндегі бірлескен жоспарларды өзектендіруді, сондай-ақ жобаларды іске асыру мерзімін 2030–2032 жылдардан 2026–2027 жылдарға ауыстырып, жеделдету мәселесін талқылады.

Бұдан бөлек, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту тұрғысынан стратегиялық маңызы бар «Солтүстік–Оңтүстік» бағытына ерекше назар аударылды.

Кеңес барысында халықаралық автомобиль тасымалдары, жүк айналымы және пилотсыз көлік құралдары мәселелері де қаралды. Жекелеген өткізу бекеттеріндегі қазіргі жағдай талқыланып, Ресей тарапынан бұл мәселе құзыретті органдардың ерекше бақылауында екенін хабарлады. Тиісті ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл жұмыс тәртібінде әрі конструктивті түрде жалғасып жатқаны атап өтілді.



Фото: kolikpress





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу