Таза Қазақстан – таза болашақ!
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Тарбағатай ауданында кең көлемді экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған шараға 200-ден астам адам қатысып, барлығы 700-ге жуық ағаш егілді. Акцияға ауданның барлық мекемелері, жастары мен еріктілері белсене атсалысты.
Шара барысында Тарбағатай ауданы әкімінің аппарат басшысы Ермек Құрманғалиев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын табиғатты қорғауға және туған жерді таза ұстауға шақырды.
Сондай-ақ, шараға қатысқан ақсақалдар қауымы да акцияның маңыздылығын атап өтіп, ел Президентінің бастамасын толық қолдайтындықтарын жеткізді.






