KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
518.39 603.09 6.68

Ұлан ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

6.05.2025, 19:00 409 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Ұлан ауданында да жалғасын тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған акцияның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеру, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру. Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кентінде өткен іс-шараға аудан тұрғындары, жастар және экобелсенділер белсене қатысты.

Акция барысында елді мекен аумақтары қоқыстан тазартылып, 1000-нан астам көшет отырғызылды. Сонымен қатар Бозанбай ауылдық округіндегі Сібе көлдерінің жағалауы абаттандырылып, экологиялық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жалпы саны 130-ға жуық адам қатысқан шараға студенттер, оқушылар, еріктілер мен экологиялық ұйымдардың мүшелері белсене атсалысты. Әсіресе Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 30 студенті белсенділік танытты.

Сенбілікке қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, көлікпен толық қамтылып, жиналған қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар экологиялық жауапкершілікті қалыптастырып қана қоймай, тұрғындарды табиғатты қорғауға және туған өлкені бірге көркейтуге жұмылдырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу