Таврия ауылында өткен экологиялық акцияға 200-ден астам адам қатысты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты қорғауға бағытталған шараға ауыл тұрғындары, оқушылар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер және түрлі ұйым өкілдерінен құралған 200-ден астам адам белсене атсалысты.
Қатысушылар ауыл ішін күл-қоқыстан тазартып, ағаштар мен гүлдердің түбін әктеп, бұлақ көздерін ашты. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен жол жиегі де қоқыстан аршылып, ретке келтірілді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі және күзгі кезеңдерде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақсат — елді мекендерді абаттандырып, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыру.