ШҚО тұрғындары теміржол билеттерін жеңілдікпен сатып алады
depositphotos.com
«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне арналған маусымдық жеңілдіктер мерзімін ұзартты. Енді жолаушылар жеті бағыт бойынша билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жолаушылар жеті бағытқа арналған билеттерді жеңілдікпен алу мүмкіндігіне ие болады. Олар:
- №9/10 «Астана – Алматы»
Вагон түрі: орындықты (2С)
Жеңілдік: жол жүру күніне дейін 45-10 күн аралығында сатып алынған отырып жететін орындарға арналған билеттерге 40%;
- №65/66 «Астана – Жезқазған»
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: купе орындарына 25%;
- №67/68 «Астана – Өскемен»
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: үстіңгі төсектерге 30%;
- №77/78 «Алматы – Маңғыстау»
Вагон түрі: купе (2К)
Жеңілдік: үстіңгі төсектерге 25%;
- №351/352 «Алматы – Өскемен»
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: үстіңгі төсектерге 30%;
- №691/692 «Атырау – Ақтөбе»
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: үстіңгі төсектерге 20%.
Күн сайын жүретін пойыз:
- №11/12 «Алматы – Шымкент»
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: купе орындарына 25%
Жеңілдікпен билеттерді ресми сайттан railways.kz немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.
Анықтама ақпаратты 1433 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат арқылы +7 776 714 5686 телефонына хабарласып білуге болады.