KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 4 м/с, ОШ
522.19 606.42 6.47

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру туралы: Халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшу маңызды

https://t.me/KZgovernment

14.10.2025, 10:30 145

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселеЛеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды тапсырды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті», - деді Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында Мемлекет басшысының экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Ол биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ы құрағанын атап өтті. Соның ішінде, нақты сектордағы өсім 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті.

Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 21,2%-ға), құрылыс (14,9%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%-ға) ең жоғары өсім көрсетті.

«Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті», — деді Азамат Амрин

Министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгені құрағанын айтты.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 6,2%-ға өсті. Азамат Амрин өсім 17 өңірде тіркелгенін атап өтті. Ең үлкен өсім Батыс Қазақстан (20,8%-ға), Солтүстік Қазақстан (19,3%-ға), Жамбыл (13,3%-ға) облыстарында, сондай-ақ Шымкент (17,6%-ға) және Алматы (15%-ға) қалаларында байқалады.

«Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім машина жасаудағы өндірістің 14%-ға, оның ішінде автокөлік өндірісіндегі 16,8%-ға, тамақ өнімдерінде 9,8-ға, химия өнеркәсібінде 9,6%-ға, мұнай өңдеуде 7,5%-ға, металл бұйымдарында 15,2%-ға өсу есебінен қамтамасыз етілді», - деді Азамат Әмрин.

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі Қазақстанда 14,9%-ды құрады. Ең үлкен өсім Астана (41,8%-ға), Алматы (37,7%-ға) қалалары мен Солтүстік Қазақстан (27,3%-ға), Ақмола (26,4%-ға) және Түркістан (25,5%-ға) облыстарында байқалады.

«12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,4%-ға артық», - деп атап өтті Азамат Әмрин.

Ведомствоның мәліметінше, ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау (24,6%-ға) және Жетісу (9%-ға) облыстарында, сондай-ақ Алматы (16%-ға), Түркістан (8,4%-ға) облыстарында, Алматы қаласында (18,2%-ға) байқалады.












Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу