KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Ағайынды өрт сөндірушілер: бір мақсат, бір мамандық

16.10.2025, 09:00 181 Базарова Айгүл

Ұлан ауданының Таврия ауылында тұратын ағайынды Тұрсынбек пен Орынбек Антошевтар алты жылдан астам уақыт бойы өрт сөндіру саласында иық тіресе еңбек етіп келеді. Бір бөлімде, бір мамандықта қызмет атқаратын бауырлар үшін бұл жұмыс – жай кәсіп емес, өмірлік миссияға айналған міндет, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тұрсынбек пен Орынбек Антошевтар №12 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып еңбек етеді. Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі – тек рөлде отыратын адам емес. Ол – жеке құрамды оқиға орнына қауіпсіз жеткізетін, арнайы техниканың әр бөлшегін меңгерген және кез келген сәтте шешім қабылдай алатын кәсіби маман.

Тұрсынбек талай тілсіз жаумен бетпе-бет келіп, қауіпті жағдайларда сабыр мен шеберліктің үлгісін көрсеткен. Бірде шаруа қожалығы аумағында 500 тонна шөп отқа оранғанда, ол өз қарауылымен бірге өртті батылдықпен сөндіріп шыққан. Бүгінде де бөлімшенің техникалық дайындығына жауапкершілікпен қарап, көліктердің әрдайым жауынгерлік күйде болуына үлес қосып жүр.

Бауыры Орынбек те ағасымен бір күнде қызметке қабылданған. Сол уақыттан бері екеуі кәсіби және бауырластық бірліктің айқын үлгісі болып келеді. Ол да талай қауіпті шақта адам өмірін сақтап қалуға атсалысқан. Таврическое ауылындағы екі қабатты үй өртенген кезде, Орынбек қарауыл құрамымен бірге газ баллонды дер кезінде сыртқа шығарып, жарылыстың алдын алды. 

Ағайынды Антошевтар – батылдық пен адалдықтың символы. Олар қызметте де, өмірде де бір мақсатқа – адамдардың амандығына қызмет етіп келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу