KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ұлан ауданында ірі өрт ауыздықталды

4.04.2023, 15:45 164 Ләззат Қанатқызы

Бүгін таңертең сағат 08.32 шамасында Ұлан ауданына қарасты Саратовка ауылында ірі өрт оқиғасы тіркелді.

Онда жалпы ауданы 700 шаршы метрден асатын ағаш кесетін қойма өртенді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жеткенше қойманың шатыры мен ағаштар жанып кеткен. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінен нысан 25 шақырым жерде болды. Өскемендік өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары да көмекке тартылды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жау жалпы ауданы 726 шаршы метр аумақта ауыздықталды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер қойма ішіндегі 7 текше метр ағашты сақтап қалған.
Болжамды себептер бойынша  электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы қарастырылуда.

Өртті сөндіруге барлығы 4 өрт сөндіру көлігі мен жеке құрамнан 17 адам жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив