Глубокое ауданында тұрғын үйге жай түсті
Глубокое ауданындағы жер үйге жай түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілішісі.
Оқыс оқиға Кожохово ауылында «Яблонька» саяжай учаскесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, найзағай үйдің шатырына түсіп, жалын тұтанған көрінеді. Абырой болғанда үйде ешкім болмаған.
Тілсіз жаумен күресуге Глубокое өрт сөндіру қызметінің №23 бөлімі және Березовка ауылынан №37 өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды.
– Біз оқиға орнына бірден жеттік. 45 минуттың ішінде өрт сөндірілгенімен шатыр толығымен жанып кетті, – дейді №23 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Аслан Ибраев.
Оқи отырыңыз