KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Үлкен Нарын ауданы орталығында 10 көшеде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде – ШҚО

17.10.2025, 13:30 160 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде қолға алынуда. Аудан орталығындағы 10 көшеде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жөнделіп жатқан көшелердің жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайды. Бұл жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауылдың жалпы келбетін жақсартуға бағытталған.

“Қазіргі таңда ауылымыздағы 10 көшеде жол жөндеу жұмыстары қызу жүруде. Бұл – тұрғындар үшін өте маңызды жоба. Ауылымыздың инфрақұрылымын жаңарту арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, тек жолдарды жөндеу ғана емес, көшелерге жарық шамдар орнату жұмыстары да қатар жүргізілуде, – дейді Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің орынбасары Тамара Айдарбаева.

Ауыл әкімдігі тұрғындар көтерген мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Алдағы уақытта да елді мекеннің әлеуметтік және коммуналдық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасын таппақ.

“Біздің басты мақсатымыз – Үлкен Нарын ауылын барлық жағынан жайлы, заманауи және өмір сүруге қолайлы елді мекенге айналдыру. Осы бағыттағы жұмыстарды ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, табысты жүзеге асырамыз”, – дейді Тамара Айдарбаева.



Қуаныш Рахметоллаұлы

Махаббат Ахметжанова 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу