Өскемен қаласында орташа жол жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр
Өскеменде автожолдардың орташа жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл жөндеу науқаны әдеттегіден ертерек басталды. Бұл жол инфрақұрылымын жаңарту көлемі мен жүргізілу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 17 шақырым болатын 18 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұған қоса, ұзындығы 7,7 шақырым болатын тағы 17 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жөнделетін жолдар тізімі толықтырылып отырады — жаңа учаскелерді қосу туралы шешім қала тұрғындарымен кездесулер мен келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесінде қабылданады,- делінген Өскемен қаласы әкімдігінің ресми хабарламасында.
Оқи отырыңыз