Қазақстанда тұмауға қарсы 1 158 965 адам егілді
depositphotos.com
Қазақстанда соңғы аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияның 142 582 жағдайы тіркелді. Былтырмен салыстырғанда есепті кезеңдегі сырқаттанушылық деңгейінен 13%-ға төмен. Бұл ретте тұмауға қарсы 1 158 965 адам немесе тиісті контингенттің 50%-ы вакцина алғанын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі маусымдық жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың алдын алу бойынша ұсынымдар берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстанда соңғы аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияның 142 582 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі сырқаттанушылық деңгейінен 13%-ға төмен, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ЖРВИ-дың 593 065 жағдайы тіркелді, 1,4 есе төмендеу байқалады.
Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмауға 1202 үлгі тексерілді, оның ішінде А тұмауының(H3N2) зертханалық расталған 3 жағдайы анықталды.
Халықтың осал топтарына тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізу шеңберінде ағымдағы маусымда тіркелген штамдары бар 2,1 млн доза көлемінде тұмауға қарсы вакцина сатып алынды.
Республикада тұмауға қарсы 1 158 965 адам немесе тиісті контингенттің 50%-ы егілді, вакцинациялау жалғасуда.
Жедел респираторлық вирустық инфекция және тұмау қаупін азайту үшін бірнеше қарапайым ұсынымдарды орындау жеткілікті:
✓ адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге барудан аулақ болу;
✓ тұрғын және жұмыс бөлмелеріндегі ауаны үнемі желдетіп, ылғалдандыру;
✓ қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
✓ науқастармен байланысты шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету;
✓ аурудың алғашқы белгілерінде балаларды үйде қалдырыңыз және оларды мектептер мен балабақшаларға жібермеу;
✓ егер жағдайы нашарласа, уақтылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдеуден аулақ болу.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!