Шығыс Қазақстанда ішкі аудит қызметтерінің өзара іс-қимылы күшейтілді
depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Департамент ШҚО әкімі аппаратының және ШҚО полиция департаментінің Ішкі аудит қызметтеріне тұрақты түрде консультациялық көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу стандарттары мен ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
2024 жылы ШҚО әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі білім беру, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы салаларында 40 аудиторлық іс-шара өткізді. Ал ШҚО полиция департаментінің Ішкі аудит қызметі қылмыстық-атқару жүйесі саласында 1 аудиторлық іс-шара жүргізді.
Департамент жалпы 40 материалдың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне сапалық бақылау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша барлық материалдар ескертулермен сәйкес деп танылды (2023 жылы – 11 материал, 2024 жылы – 29 материал).
2025 жылға ШҚО әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі 20 аудиторлық іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Биыл 9 айының қорытындысы бойынша Ішкі аудит қызметінің материалдарының сапасына бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 13 аудит материалы ескертулермен сәйкес, ал 1 материал мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп танылды (2024 жылға – 8 материал, 2025 жылға – 6 материал).
Мұндай өзара іс-қимыл мен сапаны бақылау шаралары өңірдегі ішкі аудит жүйесінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік қаржылық бақылаудың ашықтығы мен нәтижелілігін қамтамасыз етуге бағытталған.