Өскеменде құтқарушылар арасында Республика күніне орай жаппай жүгіруден жарыс өтті
Өскемен қаласында Республика күніне арналған Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің арасында жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шараға 40-қа жуық өрт сөндіруші мен құтқарушы қатысып, 4 шақырым қашықтықты еңсерді. Қатысушылар өзара жылдамдық пен төзімділікте сынға түсті.
Мәре сызығында үш жас санаты бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жарыс соңында қатысушылар үшін арнайы ұйымдастырылған дастарханда ыстық шай мен дәмді тәттілер ұсынылды.
Бұл жүгіру шарасы құтқарушылардың отансүйгіштік рухын, бірлігін және спортқа деген сүйіспеншілігін айқындайды. Әрбір қатысушы жүріп өткен шақырымын туған елі – Қазақстан Республикасының гүлденуіне арнады.




