Таза ауа – ортақ мақсат: облыста экологияны сауықтыру жұмыстары күшейтілді
Өңірде экологиялық жағдайды оңалтуға бағытталған ауқымды жұмыс қолға алынуда. Географиялық тұрғыдан таулы ойпатта орналасуы мен өзендерден көтерілетін тұман Өскеменнің ауа сапасын күрделендіре түсетіні белгілі. Осыған байланысты облыста экологиялық тәуекелдерді төмендету мақсатында жаңа бақылау жүйесі құрылып, ірі кәсіпорындармен бірлескен әрекет ету тетіктері жолға қойылды. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам мен мамандарды жұмылдырылды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Облыстағы экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі әрі ауқымды шаралар іске асырылып жатыр. Әсіресе Өскемен қаласының ауа сапасы – баршаға белгілі өзекті мәселе. Қаланың таулы ойпатта орналасуы, екі өзеннің тоғысуынан жиі түзілетін тұман қолайсыз ауа-райын қалыптастырып, зиянды заттардың таралуына кедергі келтіреді.
Осы күрделі табиғи ерекшеліктерді ескере отырып, аймақта экологиялық тәуекелдерді азайту мақсатында кең ауқымды мониторинг бағдарламасы басталды.
Өңірдегі жетекші кәсіпорындар –«ҮМЗ», «Казцинк», Өскемен және Согра жылу электр орталықтары қолайсыз ауа-райы кезінде бірлесіп әрекет ету жөнінде меморандумдар жасалды. Бұл құжаттар кәсіпорындарды экологиялық жауапкершілікке шақырып, зиянды шығарындыларды реттеу бойынша ортақ механизмдерді іске қосуға жол ашады.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін сараптамалық тұрғыдан талқылап, қоғам мен билік арасындағы байланысты күшейту мақсатында «Өскемен тынысы» экологиялық бюросы құрылғанын жеткізді. Оның құрамына тәжірибелі экологтар, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Бұл алаң экологиялық саясатты жетілдіруге, ашықтықты арттыруға және тұрғындардың ұсыныстарын ескеруге бағытталған.