KZ
Өскемен
-8°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
511 602.72 6.49

ШҚО-да қар құрсауында қалған ер адамға құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетті

25.11.2025, 10:00 98 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран мен қолайсыз ауа райы салдарынан жолда қалған тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Оқиға Ұлан ауданы аумағында, Сағыр ауылынан шамамен 10 шақырым қашықтықта болған. Ер адам қыстаққа көлігімен бет алып бара жатқан сәтте қалың қардың астында қалып, әрі қарай жылжи алмай қалған.

Хабар түсе салысымен оқиға орнына жоғары өтімді техникасы бар құтқарушылар тобы жіберілді. Мамандар жолдың қарға көміліп қалған бөлігіне жетіп, жүргізушіні қауіпсіз жерге шығарып, Өскемен қаласына эвакуациялады. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады, оның жағдайы жақсы.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды ауа райының күрт нашарлауы кезінде ерекше сақ болуға шақырады. Қарлы боран, көктайғақ, көріну мүмкіндігінің төмендеуі сияқты құбылыстар кезінде алыс жолға шықпау ұсынылады.

Төтенше жағдай туындаған немесе көмек қажет болған жағдайда 112 бірыңғай нөміріне хабарласу керек.


Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу