Жолда қалған ресейліктер құтқарылды – ШҚО
ШҚО-да ақтүтек боран салдарынан жолда қалған 12 ресейлік құтқарылды.
«Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының Шемонаиха ауданындағы учаскесінде 12 адам жолда қалған, оның 2-еуі бала, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Хабар түсе салысымен оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» автокөлігімен дереу жетіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшірді. Олар Шемонаиха қаласындағы қонақ үйге орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.