Елімізде квазимемлекеттік компанияларды құруға мораторий енгізілді
фото: liter.kz
Үкімет «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» 2024 жылғы 21 тамыздағы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізіледі.
Ерекшелігі:
«заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңның орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігі;
ҚР Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша ерекше жағдайлар.
Қаулы 2024 жылғы 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.
Оқи отырыңыз