KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 4 м/с, В
520.02 608.79 6.57

«Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары» автожолы қайта жаңғыртылуда – ШҚО

Кеше, 12:30 117

Бүгінгі Алтай ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындармен кездесуінде жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Өткен жылы республикалық және жергілікті маңызы бар 710 шақырым жол жөнделсе, биыл 856 шақырым жол қамтылды. Қазіргі уақытта «Майқапшағай» және «Уба» өткізу бекеттері жаңғыртылуда, Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Алтай және Серебрянск қалаларындағы бес теміржол вокзалы реконструкциялануда. Облыста ірі жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында «Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары» автожолын қайта жаңарту бар. Бұған қоса, Қытай Халық Республикасы шекарасына апаратын «Қалбатау – Майқапшағай» трассасын қайта жаңғырту аяқталды. Сондай-ақ, облысты еліміздің оңтүстік бөлігімен байланыстыратын «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» жолы жаңартылды. Бұдан бөлек, Абай облысының Семей қаласына баратын жол да жөнделді. Енді Риддер мен Шемонаиха бағыттарындағы трассаларды жөндеу жалғасуда, – деді облыс әкімі.

Қоса кетейік, Алтай ауданында өткен жылы жалпы құны 1,7 млрд теңгеге 36,2 шақырым жол мен көше жөнделген болатын. Соның ішінде облыстық маңызы бар «Октябрь өткелі – Алтайка – Ново-Хайрузовка» автожолына орташа жөндеу жүргізілді. Биыл ауданда жалпы құны 599,9 млн теңге болатын 28 шақырым жол мен көше орташа жөндеуден өтті.


Айым Касембаева 

Дәурен Аллабергенұлы

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу