ШҚО мен Омбы облысы газ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты талқылайды
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы «Ертіс: достық өзені – даму өзені» халықаралық форумына қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Пленарлық отырыстан кейін делегация мүшелері облыс әкімінің орынбасары Бахытжан Байахметовтің жетекшілігімен Кемел Тоқаевтың мемориалдық тақтасына және Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Сонымен қатар олар соғыс ардагерлеріне арналған госпитальге, Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығына барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездеседі.
ШҚО делегациясына Омбы облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өңірге инвестиция тарту жүйесі жөнінде ақпарат беріледі.
Форум аясында екі өңір арасында газ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланбақ.
Сапар Омбы азаматтық авиация зауыты мен Омбы кадет корпусының жұмысымен танысумен қорытындыланады.